
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Меркі аудандарында су шаруашылығы нысандарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Жамбыл ауданында Аса-Талас, Бескемпір арналарының түбін бетондау, Бошақай каналына шлюз орнату және лоток қою, Исмаил арнасын бетондау және Рахат каналының лотогын толығымен ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Аса өндірістік бөлімшесіне қарасты су шаруашылығы нысандарына тазалау және әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. 2024 жылғы сәуір айының басынан арналармен шаруаларға су беріле бастады.