
Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары шлюздерді жөндеу және «Алва» лиманды суару жүйесінде бөгет салу туралы өтініш білдірді. Нұржан Нұржігітов қазіргі уақытта жобалық құжаттама дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысының Маралды ауылының тұрғындары жерасты суларының жергілікті көздеріне зерттеу жүргізуді сұрады. Министр су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмыс тобы келесі аптада ШҚО-ға баратынын айтты.
Қостанай облысының Құсмұрын кентінің тұрғындары Қараған өзенінің жағдайына байланысты шағым білдірді. 10 жыл бұрын өнеркәсіп қажеттіліктері үшін дренажды канал салынып, салдарынан өзен таязданған. Азаматтар өзенді қалпына келтіру үшін іс-шаралар қабылдауды сұрады. Министр жағдайды жіті зерттеу үшін «Қазсушардың» жергілікті филиалы мен Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының мамандарына тиісті тапсырма берді.
Сондай-ақ, қабылдау кезінде Су кодексіне толықтырулар енгізу және қарды еріту мен еріген суды жинаудың жаңа технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар айтылды.