
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Подлесный су қоймасына көп факторлы тексеру және акваториясын зерттеу жұмысын бастап кетті. Бұл жұмыстар су қоймасының негізгі гидротехникалық құрылыстарының беріктігі мен тұрақтылығын бағалау, сондай-ақ оларды жөндеу және одан әрі пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін жүргізіледі. Зерттеу жұмысына тереңдік деңгейін, көлем көрсеткіштерін өлшеу үшін қажет ең жоғары сападағы заманауи жабдықтар, сонарлар және т.б. пайдаланылады. Одан кейін су қоймасына геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеу жүргізіледі.