
«Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалының мамандары суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Талғар ауданында дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Үлкен Алматы каналында парапеттерді қалпына келтіру және канал түбіндегі пайда болған қуыстарға бетон инъекциялау жұмыстары орындалды. Сондай-ақ, каналда жаңбыр суы мен су бұру құрылыстары механикалық әдіспен тазаланды. Талғар ӨБ қызмет көрсететін ирригациялық жүйелеріне бекітілген суармалы жер көлемі 5900 гектар. 2024 жылға суару қажеттіліктері үшін су пайдаланудың алдын ала жоспары 21,934 млн текше метр. Бүгінгі күні шаруалармен каналдар арқылы су беру қызметін көрсетуге келісімшартқа отыру жұмысы белсенді жүріп жатыр.