
Шу-Талас бассейндік инспекциясының мамандары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен «Жас маман – 2024» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Мекеме қызметкерлері жоғары оқу орындарының және мектеп түлектеріне бос жұмыс орындары мен орналасу тәртібін түсіндіріп, сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда елімізде су шаруашылығы саласының мамандарына сұраныс өте жоғары екенін айтты.