
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Еділ өзенінен өңірдің Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына машиналық әдіспен су беруді бастады. Су беру Ресейдің Волгоград облысындағы Палласовский суландыру және суару жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл БҚО Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына Еділ өзенінен 25,8 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.