
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруалармен суару маусымында су беру туралы келісімшарттарға қол қойды. Су беру жұмыстары 20 мамырда басталады.
Сонымен қатар, мамандар Жуалы ауданындағы Көксай каналын тазалау, әктеу және сырлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.