
13 мамырдан бастап Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Қоянды су қоймасын көп факторлы зерттеу басталды. Бұл жұмыс су қоймасының негізгі гидротехникалық құрылыстарының беріктігі мен тұрақтылығын бағалау, сондай-ақ оларды жөндеу және одан әрі пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін жүргізіледі.
Зерттеу жұмысына тереңдік деңгейін, көлем көрсеткіштерін өлшеу үшін қажет ең жоғары сападағы жабдықтар, сонарлар және т.б. пайдаланылады.