
Жамбыл облысы Талас ауданында суару кезеңінің тұрақты өтуі үшін «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалы екі гидротехникалық құрылысқа жөндеу жүргізді.
Сондай-ақ, Сұлтан, Дюкер, Орта және Жаңатоған каналдарындағы 4 гидробекетке жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда аудан шаруаларымен арналар арқылы суармалы су беру бойынша 97 келісімшарт жасалды.