
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суару кезеңіне дайындық аясында Жаңақорған ауданында 3 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізді.
КМК және Тайпақкөл каналдарында 4,53 шақырым бөлігі механикалық әдіспен тазаланды.
КМК және Күркүреуік каналдарында 3 гидробекетке жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні аталған каналдар арқылы су беру қызметін көрсетуге 135 келісімшарт жасалды. 9,84 млн текше метр су беріліп, 2 965 гектар алқап суарылды.