Шығыс Қазақстан облысында 28 елдімекенді су басу қаупінің алды алынды

Шығыс Қазақстан облысында 28 елдімекенді су басу қаупінің алды алынды

Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы 37 мыңнан астам тұрғыны бар 28 елдімекенді су басу қаупінің алдын алды.

Су қоймаларында тасқын суын қабылдау үшін алдын ала бос орын дайындалып, суды өзендерге бұру мақсатында 10 бөгет салынды. Сондай-ақ, суды арналар арқылы бұру іс-шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 10 магистральдық канал механикалық әдіспен тазаланды.

Бүгінгі таңда еліміздің оңтүстігі мен батысында суару маусымына қарқынды дайындық жүріп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін алты аймақта суару арналарын тазартады.

Атап айтқанда, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының суару желілері, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарындағы суару арналары тазартылып жатыр.

Бүгінгі таңда биылға жоспарланған 564 шақырымның 390 шақырымнан астамы тазартылды, сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған.