
Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88,5%-ға толды. Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 828 см, ол бір тәулікте 10 см-ге төмендеді.
Ақмола облысында Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толы.
Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы да 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші шамамен 83%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39%-ға толды.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98,5%-ға толы.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.
Су қоймаларына жиналған тасқын суы одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.