«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр

 

«Қазсушар» мекемесінің Батыс Қазақстан филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Орал-Көшім суару-суландыру жүйесінің 4 су қоймасына су жиналуда. Бүгінгі күнге су қоймаларына 232 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 89,1%-ы.

Кіші Өзен бойындағы төрт су қоймасы 92% -ға толды, бұл 102,5 миллион текше метр су. Үлкен Өзен бойындағы үш су қоймасында 69,2 млн текше метр су жиналды, бұл жалпы көлемнің 66%-ы. Үлкен және Кіші Өзен өзендеріндегі су тасқыны аяқталды, тасқын кезінде барлығы 428 миллион текше метр су келді.

Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 838 см, ол бір тәулікте 8 см төмендеді, БҚО Бәйтерек ауданы Чувашинское кентіндегі Шаған өзенінің деңгейі 719 см, Белес кентіндегі Дерқұл өзенінің деңгейі 215 см.

«Қазсушар» мамандары Ресей Федерациясының Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасуда.