
Қордай ауданындағы Георгиевский магистральдық каналының сол жақ тармағының бетон бөлігі тазартылды.
Меркі ауданында 11 су бекеті жөнделіп жатыр, одан кейін тағы 20 су бекеті жөнделеді. Сондай-ақ, R-3 каналын суару маусымына дайындау жұмысы да жүріп жатыр.