Брифинг. «Су қоймаларындағы жағдай туралы»

Брифинг. «Су қоймаларындағы жағдай туралы»

Министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған.
Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да көзделген. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір-бірден су қоймасын салу жоспарланып отыр.