«Қазсушар» мекемесінің Қызылорда филиалы жалпы ұзындығы 51,4 шақырым болатын 11 арнаны механикалық әдіспен тазалап, 19 гидротехникалық құрылысты және 23 гидропостты жөндеп жатыр
Қазіргі уақытта 32,7 шақырым канал тазартылып, 9 гидротехникалық құрылыс жөнделді. 20 гидропосттың көпірлері реконструкциядан өтті. Сондай-ақ суармалы суды үнемдеу бойынша шаруалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.