СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ПЫСЫҚТАУ КЕЗІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЗЕРДЕЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ПЫСЫҚТАУ КЕЗІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЗЕРДЕЛЕНЕТІН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын қайта қарайды.

Құжат су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту жөніндегі кешенді іс-шаралармен толықтырылады. Әзірлеу барысында осы саладағы озық елдердің – Қытай, Нидерланды және т.б. тәжірибелері зерделенеді.

«Тұжырымдамада көзделген 20 жаңа су қоймасын салу жөніндегі жоспар мен басқа да кешенді іс-шаралар өзгермейтінін атап өтемін. Құжаттың мүмкіндігін кеңейту және оған су тасқынының алдын алу іс-шараларын қосу үшін толықтыру қажет. Сонымен қатар, біздің министрлік әр өңірдің әкімдіктерімен 57 жаңа су қоймасын салуды көздейтін кешенді жоспар әзірледі», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.