
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ. Су тораптары көп факторлы тексеруден өтті, техникалық жағдайы қанағаттанарлық.
2023 жылы екі су торабының жұмысы бойынша қауіпсіздік декларациясы берілді.
Осы уақытқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Жағдай күрделі.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 80%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына су жіберу жұмысы жүргізілуде. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.
Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.
Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.
Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда.
Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.