Ең алдымен, су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп жатқанын, бұзылу қаупі жоқ екенін атап өтеміз.
Сергеев су қоймасы бойынша:
10 сәуірде Сергеев су торабында судың максималды деңгейі - 4 метр 25 см тіркелді. 10 сәуірден бастап су көлемінің күнделікті 10-15 см төмендеуі байқалады. Судың максималды ағыны секундына 4870 текше метр болды. Бұл ретте су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 11 400 текше метр екенін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда су ағыны секундына 581 текше метр. Сергеев су торабы көп факторлы тексеруден өткен, техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Су қоймасында су тасқынының белсенді кезеңі өтті.
Петропавл су қоймасына қатысты:
Осы сағатта су ағыны секундына 3 923 текше метр. Су торабының өткізу мүмкіндігі секундына 6 330 текше метр. Аталған су торабы да 2022 жылы көп факторлы тексеруден өтті.
2023 жылы екі су торабының жұмысы бойынша қауіпсіздік декларациясы берілді.