Шыңғыстау Әбдиев Ақтөбе су қоймасында 36 жыл краншы болып жұмыс істеген

Шыңғыстау Әбдиев Ақтөбе су қоймасында 36 жыл краншы болып жұмыс істеген

Су саласының маманы былтыр зейнетке шықты. Ал, осы жылдың наурыз айында ол Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су келген кезде екінші шлюзді ашуға көмектесті. Осылайша, тәжірибелі маман су қоймасының толып кетуіне жол бермеуге атсалысты. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов краншыға атқарылған жұмыстарға көмектескені үшін алғыс хат жолдады. Министр су саласында жұмыс істейтін мамандар, әсіресе жастар осындай аға буын өкілдерінен үлгі алып, тәжірибе алмасуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Қазсушар» басшылығы Шыңғыс Әбдиевті қайтадан жұмысқа шығуға ұсыныс жасады.