Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева Тобыл өзені бассейні су қоймалары каскадының жұмысымен танысты

Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева Тобыл өзені бассейні су қоймалары каскадының жұмысымен танысты

Атап айтқанда, Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларын тексерді.

Қазіргі уақытта тасқын су ағынының төмендеуі байқалады, ал екі ірі су қоймасының орташа су жинау көлемі 92%. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

«Қазсушар» Қостанай филиалының су қоймаларындағы жағдай тұрақты және жіті бақылауда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, сағат сайын мониторинг жүргізіледі.

Су қоймаларына жиналған су өңірдің ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылатын болады.