
Министрдің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» басшылығы 7 сәуірден бері Атырау облысында жүр. Кәсіпорын мамандары өңір әкімдігімен бірге Жайық өзені арқылы келетін үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу үшін су шаруашылығы құрылыстарын дайындауда. Бұл жұмыстарға «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының барлық қызметкерлері де жұмылдырылды. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Уақытша қорғау бөгеттерін салу бойынша орындалатын жұмыстарға инспекция және арналарды тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр.