Астана су қоймасында суды қауіпсіз өткізу жұмыстары жалғасып жатыр

Астана су қоймасында суды қауіпсіз өткізу жұмыстары жалғасып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев Есіл өзенінің жоғарғы ағысынан Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылына дейінгі су тасқыны жағдайымен танысты.

Жібек Жолы кентінің шағын аудандарын су басу қаупін азайту және суды қауіпсіз өткізу үшін контрреттегіштен су жіберу көлемін секундына 50 текше метрге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Су тасқыны жағдайына сағат сайын мониторинг жүргізіледі.