Еліміздегі су қоймалары жобалық мүмкіндігінен артық су жинай алады. Сол себепті 100% пайызға толы су қоймалары да қосымша тасқын суын қабылдауға дайын. ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел су қоймаларына тасқын суын жинау және өткізу іс-шаралары туралы айтып берді.