ПЕТРОПАВЛ СУ ТОРАБЫНА 24,5 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖИНАЛДЫ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ СУ ӨТКІЗУДІ РЕТТЕУ ҮШІН АЙМАҚҚА КЕЛДІ

ПЕТРОПАВЛ СУ ТОРАБЫНА 24,5 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖИНАЛДЫ, СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ СУ ӨТКІЗУДІ РЕТТЕУ ҮШІН АЙМАҚҚА КЕЛДІ

«Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының Петропавл су торабына 24,5 млн текше метр су жиналды. Министр Нұржан Нұржігітов су қоймаларына тасқын суын жинау және өткізу барысымен танысу үшін өңірге келді.

Қазіргі таңда Петропавл су торабы транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны басталғаннан бері мұнда 42 млн текше метр су келіп, 24 млн текше метр су жіберілді. 4 сәуірден бастап су деңгейі көтеріліп, бүгінгі таңда 3,55 метрге жетті. Су торабы тасқын суы мол келген жағдайда секундына 6330 текше метр су жібере алады.

Айта кету керек, Петропавл су торабына 2022 жылы көп факторлы тексеріс жүргізілген болатын.