Министр Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасының жұмысы туралы айтып берді

Министр Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасының жұмысы туралы айтып берді

Су қоймасының жалпы сыйымдылығы - 7,5 млн текше метр. Осы сағатқа су жіберу көлемі секундына 60-тан 40 текше метрге дейін төмендеді.

«Ақтөбе облысының ерекшелігі - Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары қала шегінде Елек өзеніне қосылады. Сондықтан барлық үш су қойманың жұмысын үйлестіру қажет. Бүгінгі таңда Ақтөбе су қоймасы транзиттік режимде, Қарғалы су қоймасы су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, Сазды су қоймасы секундына 40 текше метр су жіберуде», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.