«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН АРТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ ӘРІ ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН КЕЛТІРМЕЙТІН ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ КЕРЕК»,- НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ГЕРМАНИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕЛІМІЗДЕГІ СУАРУ АРНАЛАРЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ҮШІН АРТЫҚ ШЫҒЫНСЫЗ ӘРІ ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯН КЕЛТІРМЕЙТІН ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚОЛДАНУ КЕРЕК»,- НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ГЕРМАНИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЕЛІМІЗДЕГІ СУАРУ АРНАЛАРЫН РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов заманауи құрылыс материалдарын жасаумен айналысатын «Хюскер» неміс компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстанда суару арналарын реконструкциялау мәселесін талқылады.

«Хюскер» өкілдері су шығынын болдырмай, толық гидрооқшаулауды қамтамасыз ететін және эрозиядан қорғайтын арналарды бетондау технологиясы туралы айтып, техникалық презентация өткізді. Аталған әдіс бойынша бетондау жұмысын жүргізу үшін арналарды құрғатудың қажеті жоқ. Бұл өз кезегінде уақыт үнемдейді.

Министр елімізде суару арналарын ауқымды реконструкциялау жоспарланып отырғанын және мұндай технологиялар өте пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, неміс компаниясының өкілдері су қоймаларын тазарту бойынша атқарған жұмыстары туралы да айтып берді.

«Біз Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту барысында артық шығынсыз әрі экологияға зиян келтірмей, ең жаңа әзірлемелерді қолдануға тырысамыз. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары ұсынылған технологияларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу үшін «Хюскер» өкілдерімен алдағы уақытта тағы кездеседі», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.