ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз франциялық делегациямен кездесіп, Балқаш көлін бірлесіп зерттеу мен жерасты суларын басқару саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын әзірледі. Жол картасы су саласын цифрландыру, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері үшін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу және неғұрлым үнемді ауыл шаруашылығы дақылдарына көшу жөніндегі іс-шараларды көздейді. 

Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін су есептейтін қондырғыларды орнату жөнінде келісімге келді. Тараптар өзара онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезеңіне дайындық үшін кешенді іс-шаралар қабылдады. Қазіргі таңда барлық су қоймаларына су жиналып жатыр, тасқын суын қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Жағдайды бақылауда ұстау үшін министрлік күнделікті кезекшілік ұйымдастырды.