ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне барып, оқытушылар мен студенттердің ғылыми әзірлемелерімен танысты. Университет ұжымы мақта қауызынан ластанған суды қайта тазалайтын сүзгі, су үнемдейтін тыңайтқыш және тағы да басқа ғылыми жобалармен айналысып жатыр. 

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының Қордай, Шу және Меркі аудандарын аралап, су шаруашылығын дамыту және суару маусымына дайындық барысымен танысты. Министр құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей әрі сапалы аяқтауды тапсырды.  

Су ресурстары және ирригация министрлігі Астана су қоймасына қосымша су жіберу үшін құрылыс нысанының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр. Жоба аясында Есіл өзені арнасының түбін тазарту және тереңдету, сондай-ақ «Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының сорғы станциясына дейін тірек құрылысы мен құбыр желісін салу қарастырылған. 

Қызылорда облысында 2609 шақырым суару каналын автоматтандыру жоспарланып отыр. 17 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.