ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында өңірдің су шаруашылығын дамыту және суару маусымына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Биыл облыста су үнемдеу технологияларын қолданатын ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданын қосымша 22 мың гектарға ұлғайту арқылы жалпы көлемін 73 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесті. Министр өңірде «Бәйдібек ата» су қоймасы салынатынын айтты.

Қазақстанның су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді. Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Биыл Қазақстанда 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. 8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Министрлік 11 облыста барлығы 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. 

2023 жылы су заңнамасын бұзғандарға жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бүгінгі күнге олардан 11 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.