
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті шаруалармен кездесті. Ведомство басшысы министрлік жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді.
Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті шаруалармен және кәсіпкерлермен кездесті. Министр ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін қолдау мақсатындағы қолданыстағы және әзірленіп жатқан іс-шаралар мен су үнемдеу технологияларын пайдалануға ынталандыру жөніндегі шешімдер жайлы баяндады.
Нұржан Нұржігітов ауыл шаруашылығы алқаптарына арналған препараттар әзірлейтін мажарстандық Water&Soil компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар компанияның жаңа әзірлемелерін Қазақстанда қолдану мәселесін талқылады.
ҚР Парламентінің Сенаты Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы Заңды мақұлдады. Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады.
Қазақстанның оңтүстігіндегі шаруалар арзан бағадағы суармалы сумен қамтамасыз етіледі. 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігі егіс алқаптарын суару үшін жерасты суларын пайдалану үлесін арттыруға ниетті. Бірінші кезеңде экономикалық тиімділігін ескере отырып, жерасты суларының үлесін 10-15% дейін ұлғайту жоспарланып отыр.