ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне енгізілді. Бұл бірқатар ауқымды жаңашылдықтарды қамтитын және Қазақстанның су заңнамасын өзектендіруге мүмкіндік беретін іргелі құжат.

Жаңа Су кодексінде суды үнемдеу аса маңызды рөл атқарады. Мысалы, суды пайдаланушылар су ресурстарын ұтымды тұтынуға, су үнемдеу технологиялары мен суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу жөнінде іс-шаралар қабылдауға, сондай-ақ жерасты ауыз суларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге міндетті.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен кездесіп, Қазақстанның су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Елші ханым Ұлыбритания үкіметі алғаш рет Орталық Азияда климаттың өзгеруімен айналысатын халықаралық қор құрғанын хабарлады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Сондай-ақ, вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін 63 шақырымнан астам су арнасы механикалық тәсілмен тазаланады.