ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдап, қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді. Елімізде су ресурстары саласындағы жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумы құрылды. Консорциум жұмысының басым бағыттарының бірі - тұщы су қорын іздеу және оның көлемін арттыру болып табылады.

Қазақстанда 4540 жерасты суларының орны барланды. Болжам бойынша, бүгінгі таңда еліміздегі пайдалануға болатын жерасты суының қоры 15,7 текше шақырым.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ведомство жанындағы Қоғамдық кеңеске іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдар арасында өтеді.