
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуіне арналған аппарат кеңесін өткізді. Жиында министрліктің алдында тұрған міндеттер мен оларды іске асыру жоспары талқыланды.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстандағы өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Министр жерасты суларын зерттеу және барлау тәжірибесі бар инвесторлармен серіктестік орнатуға ниетті екендігін білдірді.
Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген институт құру туралы қаулыны бекітті.
Түркістан облысының суармалы жерлеріне 206 млн текше метр су жіберілді. Биылғы суару маусымына дайындық аясында топырақ құрамындағы ылғал мөлшерін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.