ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов онлайн және офлайн форматта азаматтарды қабылдап, сұрақтарға жауап берді. Қабылдаудан кейін министр өткен кездесулердің қорытындысы бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқаны туралы есептерді тыңдады.

Қазақстанда бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 1,5 есе өсті. Яғни, осыған дейін елімізде бассейндік инспекция қызметкерлерінің саны 98 адам болса, қазір жалпы штат саны 242 адамға жетті.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК қызметін тексереді. Тексеріс аясында осыған дейін жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерін жою бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде суармалы судың шығыны азайды. Өңірде «Ирригациялық және дренажды жүйелерді жетілдіру» жобасы жүзеге асырыла басталғаннан бері 74,5 мың га суармалы жерге су беру жақсарды, ирригациялық желілердегі су шығыны 193 млн текше метрге дейін азайды.

Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жүйе су ресурстарының тұтынушыға дейін бөлінуін және пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік береді.

Ғалым Құрман ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры болып тағайындалды.