ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Нұржан Нұржігітов Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар суарудың заманауи технологиялары және неміс жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған және тараптар келісімнің бірқатар баптары бойынша ортақ шешімге келді.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 3 айда 10 облысқа жұмыс сапарымен барды. Еліміздің барлық облысы су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуге атсалысты.

Ауқымды түгендеу жұмысының нәтижесінде Қазақстанда 15 мың шақырымнан астам су жүйесін реконструкциялау қажеттілігі анықталды. Министрлік алдағы үш жылда 3,5 мың шақырымнан астамын жөндеуді жоспарлап отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25%-ға азайту үшін жаңадан 9 су қоймасын салу бойынша жұмысты бастады. Жаңа су қоймаларын қолданысқа беру тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға дейін ұлғайтуға және 137 мыңнан астам тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.