
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Су кеңесі өтті. Кеңесте Су ресурстары және ирригация министрлігінің жүргізіп жатқан жұмысы және отандық су саласының қазіргі жағдайы туралы баяндама жасадым.
Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен кездестім. Француз тарапы Қазақстанмен су саласының мамандарын даярлау бойынша ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.
Тәуелсіздік күні қарсаңында атыраулық сүңгуірлер мен слесарлар Су ресурстары және ирригация министрінің атынан марапатқа ие болды. Жайық өзеніндегі су насостарын ұсақ мұз кристалдарынан тазалаған мамандардың жұмыс барысы түсірілген бейнежазба желіде тарап, қазақстандықтар ыстық ықылас білдірген болатын.
Су ресурстары және ирригация министрлігі 14 мың шақырымнан астам суару жүйесін реконструкциялау нәтижесінде су шығынын 40%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Алғашқы кезеңде, 2024-2025 жылдары 3,5 мың шақырым су арнасыны жаңартылады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты - Қазақстан мен Орталық Азияның су саласындағы жобаларын іске асыру үшін инвестициялар мен гранттарды тартуға бағытталған ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық орнату.
Қазақстан Мажарстанның ағынды суды тазалау және пайдалану тәжірибесін зерттейді. Сондай-ақ, келесі жылы қазақ-мажар жұмыс тобының кездесуі аясында отандық су сарапшыларының Будапештке жұмыс сапары жоспарланып отыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған су үнемдеу тақырыбына арналған балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауына 300-ге жуық сурет пен 50-ге жуық шығарма келіп түсті. Байқауға өтінім қабылдау 2023 жылдың 25 желтоқсанына дейін жалғасады.