
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты.
Нұржан Нұржігітов аймақтарға жұмыс сапары аясында Атырау облысына барды. Министр өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту, су шаруашылы нысандарын реконструкциялау және дамыту жобаларын іске асыру барысымен танысты.
Су ресурстары және ирригация министрі су үнемдеу және суару технологияларын әзірлеумен және енгізумен айналысатын ирандық Nasr Corporation Group компаниясының өкілдерімен кездесіп, Қазақстанда іске асыруға болатын жобаларды талқылады.
Жыл сайын Қазақстан аумағында 102,3 текше шақырым су қоры жиналады. Оның ішінде 1,2 текше шақырымы, яғни, жалпы су көлемінің 1%-дан астамы тұрғындарды ауыз сумен қамтуға жұмсалады. Экономиканың қажеттіліктері үшін жылдық су тұтыну шамамен 25 текше шақырымды құрайды. Оның 65 пайызы ауыл шаруашылықтың, 25 пайызы өнеркәсіптің қажеттіліктеріне бағытталады.
Нұржан Нұржігітов Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесті. Тараптар су саласындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов telegram-канал ашты. Министр өз каналында ведомствоның жаңалықтары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат жариялап отырады.
Нұржан Нұржігітов Француз даму агенттігінің (AFD) өкілдерімен кездесіп, су саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Су ресурстары және ирригация министрлігі су үнемдеу тақырыбында балалардың республикалық сурет және шығармалар байқауын жариялады. Байқауға 5 жастан 16 жасқа дейінгі кез келген үміткер қатыса алады.