
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Telegram канал ашты. Министр өз каналында ведомствоның жаңалықтары мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат жариялап отырады.
«Қазақстандықтарды министрліктің жұмысымен, қол жеткізген нәтижелер мен жоспарлар туралы хабардар ету біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ, халыққа суды дұрыс пайдалану мен үнемдеудің маңызы туралы да айту керек. Біз ашықтық қағидатын ұстанамыз және азаматтарды министрліктің қызметі туралы тікелей хабардар ету – осы бағыттағы кезекті қадам», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Каналға осы сілтеме арқылы жазылуға болады.