ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вице-министрлер мен бірқатар департамент директорларының қатысуымен Каспий теңізін сақтау мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді.

Нұржан Нұржігітов Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына жұмыс сапарымен барып, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты.

Су ресурстары және ирригация министрі азаматтарды қабылдады. Үш жарым сағатқа созылған кездесуде еліміздегі су нысандарын қорғау мәселелері көтерілді.

Нұржан Нұржігітов Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) қорының бас атқарушы директоры Марат Төлебаевпен кездесіп, еліміздің су саласына шетелдік инвесторларды тарту мәселесін талқылады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті. Тараптар отандық су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.