
Абай облысының Үржар ауданындағы құрылысы аяқталмаған «Қарақол» су қоймасы 63 шаруа қожалығын және 6,5 мың гектардан астам ауылшаруашылық жерлерін суармалы сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сондықтан жобаны іске асыру өңір халқы үшін өте маңызды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шетелдік инвесторлар су қоймасында гидроэлектростанция салуға дайын. Алайда бұл үшін негізгі міндет — «Қарақол» су қоймасының құрылысын толық аяқтауға көңіл бөлу қажет.