ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

2024 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр.

Нұржан Нұржігітов Алматы облысында бірқатар жобалардың іске асырылу барысымен және маңызды гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Швейцарияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салман Бал мырзамен және су ынтымақтастығы мәселелерімен айналысатын Швейцария даму және ынтымақтастық агенттігінің Blue Peace Central Asia (BPCA) бағдарламасының өкілдерімен кездесті.

Мұхтар Жәкенов ҚР СРИМ Су саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды.

Мүслім Жиенбаев ҚР СРИМ Ғылым және инновация департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әсия Баймұрат ҚР СРИМ Кадр жұмысы департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ғалымжан Молдаш ҚР СРИМ Ішкі аудит департаментінің директоры болып тағайындалды.
 
Жайық Ерікұлы ҚР СРИМ Жер асты сулары департаментінің директоры болып тағайындалды.