ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су жіберу туралы келісімге келді. Нұржан Нұржігітов Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылық министрі Асқарбек Жәнібековпен кездесіп, Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіруге уағдаласты.

Нұржан Нұржігітов Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібековпен Шу-2 айналма каналын салу мәселесін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сарапшыларды барлық қажетті материалдармен қамтамасыз ету және гидрологиялық және гидрогеологиялық бақылау жүргізу үшін жағдай жасау туралы келісімге келді.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Тараптар еліміздегі су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Нұржан Нұржігітов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Мекеме жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын және мемлекеттік мониторинг саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті құзыреттерге ие болады.

Арсен Жақанбаев ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.