
АЙТЫЛДЫ:
«Суды үнемдейтін технологияларды енгізу процесі өте баяу жүріп жатыр. Жағдайды түзету үшін жылдам және шешуші шаралар қажет. Ең алдымен, су үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жеделдету керек».
ОРЫНДАЛДЫ:
Автоматтандыру және цифрландыру: Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан және Қызылорда облыстарында шекара маңындағы өзендер мен Сырдария өзеніндегі суды есепке алу жүйелерін автоматтандыру жоспарын әзірлеп жатыр. Кейін ақпараттық ситуациялық орталық базасында бірыңғай диспетчерлік пункт ұйымдастырылатын болады. Бұл су ресурстарын дұрыс есепке алуға, тұтынуды бақылауға және жалпы су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды дамыту: 2023 жылы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен 41 гидротехникалық құрылыс реконструкциядан өтті. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы Чар және Түркістан облысындағы Шардара су қоймаларында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл құрғақшылық кезінде пайдалану үшін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Халықаралық ынтымақтастық: Министрлік озық технологияларды енгізу және өз жобаларына қолдау табу үшін су ресурстарын цифрландыру және автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылармен, соның ішінде Австралия мен Германиядағы компаниялармен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр.
Ақпараттық орталық: Су шаруашылығы нысандарының жай-күйін үздіксіз қадағалайтын ситуациялық ақпараттық орталық құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл шешім қабылдау және өзгерістерге жедел әрекет ету үшін өзекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы ақпараттық орталықта гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі және су ресурстарының барлық параметрлерін есепке алу бойынша деректер жинақталатын болады.
Аталған іс-шаралар еліміздің су ресурстарын үнемдеп, тиімді басқару жұмыстарының бастамасы ғана.