ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Нұржан Нұржігітов Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар су шаруашылығы нысандарын аралады. Министр еліміздің су қоймаларын жыл сайын тазарту үшін «Қазсушар» РМК филиалдарына арнайы техника сатып алу мәселесін қарастыру қажет екенін айтты.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Вице-министр Меркі, Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарында «Қазсушар» РМК жергілікті филиалының өкілдерімен бірге Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге жүзеге асырылып жатқан суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Қазақстанда 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры бар 3692 ауыз су орны барланды. Бұл шаруашылықты және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қажет.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен айналысады, екіншісі ҚХР және РФ-мен өзара іс-қимылға назар аударады.