ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Келесі көктемде Шардара су қоймасына 11,1 текше шақырым, ал «Достық» мемлекетаралық каналы бойынша 487 млн текше метр су келеді деп болжанып отыр. Бұл Түркістан және Қызылорда облыстарында 2024 жылдың вегетациялық кезеңіне қажетті су көлемін жинауға, сондай-ақ Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады.

Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды. Осыған дейін ол ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы болды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласы қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмысты бастайды. Ол үшін министрлікте кадрларды даярлау мәселелерімен айналысатын ғылым департаменті құрылды.