
Ташкентте Орталық Азия елдерінің су шаруашылығы ведомстволары басшыларының қатысуымен Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 85-ші отырысы өтті. Отырысқа қазақстандық делегация құрамында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.
МСШҮК отырысының бірінші күні «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су шаруашылығы бірлестіктерінің екі өзен бассейндерінде вегетациялық кезеңнің өтуі туралы, сондай-ақ 2023-2024 жылғы вегетациялық кезеңде су қоймалары каскадтарының болжамды жұмыс тәртібі туралы есептері қарастырылды.
Сондай-ақ, Түрікменбашы (2018 ж. тамыз) және Душанбе (2023 ж. қыркүйек) саммиттерінің қорытындысы бойынша Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының бастамаларын іске асыру жөніндегі МСШҮК ғылыми-ақпараттық орталығының есебі тыңдалды.
Бүгін, отырыстың екінші күні МСШҮК қатысушы елдердің Сырдария және Әмудария өзендерінің бассейндеріндегі су қоймалары каскадтарының болжамды жұмыс тәртібі кестесі мен 2023-2024 жылғы вегетациялық кезеңде су алу лимиті көрсетілген хаттамаларға қол қою жоспарланған.
«МСШҮК қабылдаған бірлескен шаралар мен «Сырдария» және «Әмудария» бассейндік су шаруашылығы ведомстволарының жұмысының арқасында біз Сырдария өзені бассейнінде өткен вегетациялық кезеңді үлкен шығынсыз аяқтадық. Сол себепті баршаңызға үлкен алғыс білдіргім келеді. Бірлескен және келісілген жұмысты жалғастыра отырып, біз ортақ су ресурсын барлық елдердің мүддесін ескере отырып