🗓️ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы қысқаша жаңалықтар дайджесті:

🗓️ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бір аптадағы қысқаша жаңалықтар дайджесті:

Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жаңа жобалармен және су тапшылығын жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жобаны іске асыруда. Нәтижесінде 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізе алады.

 

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы «Орталық Азиядағы су ресурстарын климаттық әсерді ескере отырып басқару» өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы шартқа қол қойды. 

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов азаматтарды қабылдады. 

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі австралиялық Rubicon Water компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қызылорда облысында суармалы суды 30% үнемдеуге қол жеткізуге көмектесетін бірлескен жобаны іске қосу мүмкіндігін талқылады.

 

2023 жылдың соңына дейін Ұлытау облысында Есқұла су құбырын іске қосу жоспарланып отыр. Нысан сынақ режимінде іске қосылады. Су құбырын тапсыру келесі жылдың бірінші жартысына жоспарланған.

 

Нұржан Нұржігітов Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Тараптар Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстарында су шаруашылығы жүйелерін реконструкциялау жөніндегі қолданыстағы бірлескен жобаның мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуды талқылады. 

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Тараптар су секторын цифрландыру және автоматтандыру мәселелеріндегі ынтымақтастықты, жаңа Су кодексін әзірлеуді және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.