Дүниежүзілік банк Қазақстанды су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосуды жоспарлауда

Дүниежүзілік банк Қазақстанды су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосуды жоспарлауда

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғ.Азидуллин мен Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Отто Иван Рона кездесіп, Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына (Water Resources Group 2030) қосылуы туралы мәселелерді  талқылады.

Қазақстан үшін де су тақырыбындағы мәселелер өзекті болып табылады. Өйткені су экологияны ғана емес, ел экономикасына да ықпалы зор.

«Қазақстан - әлемдегі ең үлкен тоғызыншы ел. Дүниежүзілік мұхиттан ең алыс және теңізге шыға алмайды, аумақтың 2/3 бөлігі құрғақ аймақтар болып табылады. Олардың тек 2,8% сумен жабылған, ал температура әр 10 жыл сайын 0,28 градусқа көтеріледі.

Біз қазірдің өзінде климаттың өзгеру салдарын байқаудамыз.  Бұл су ресурстарымен проблемаға алып келеді, өйткені көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағыс бойынша төмен орналасқан. Су ресурстарының 40% астамы бізге көрші елдерден келеді. Шығыс, оңтүстік, солтүстік-батыстағы мемлекеттерге тәуелдіміз. Бұл проблема жаһандық жылынуға байланысты өсе береді»,-деп атап өтті вице-министр.

«Осыған байланысты Қазақстанның Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізудегі белсенді және жүйелі саясаты Қазақстан мен халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді және біз климаттың өзгеруімен күресуге, су ресурстарын ұтымды басқаруға бағытталған шешімдерді іздеуді жеделдетуде қолдауға сенеміз», - деп атап  өтті ол.

Сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосылуы елімізге экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалану мәселелерінде әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.