Солтүстік Қазақстандағы көктемгі су тасқынының қаупі тұрақталды

Солтүстік Қазақстандағы көктемгі су тасқынының қаупі тұрақталды

Солтүстік Қазақстан өңірі үшін Есіл бассейніндегі ең ірі бес су шаруашылығы қоймаларының маңызы зор. Қазіргі таңда, су қоймаларының аумағында көктемгі су тасқынының қаупі тұрақталды. Жауапты мамандар бассейндегі ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстарын жүргізуде.

Астана су қоймасының жобалық сыйымдылығы- 410,9 миллион текше метрді құрайды, бүгінгі күні нақты көлемі – 334,9 миллион текше метр су жиналды.

Селеті су қоймасының жобалық сыйымдылығы 230,0 миллион текше метр болса, бүгінгі күні нақты көлемі 198,8 миллион текше метрге жетті.

Шағалы су қоймасының жобалық сыйымдылығы 28,0 миллион текше метр болса, қазіргі уақытта нақты көлемі 28,0 миллион текше метрді құрады.

Сергеев су қоймасының жобалық сыйымдылығы 693,0 миллион текше метр, қазіргі танда нақты көлемі 792,5 миллион текше метрді көрсетуде.

Петропавл су қоймасының жобалық сыйымдылығы 24,5 миллион текше метр, қазіргі танда нақты көлемі 28,1 миллион текше метрге жетті.

Бүгінгі күні ірі су қоймаларының толымдылығы 82-ден 115% - ға дейінгі деңгейде.

Шағалы, Сергеев және Петропавл су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істейді.